Семейлік тұрғын қарағандылықты «арзан көлік тауып беремін» деп, алдап кетті
Семейлік тұрғын қарағандылықты «арзан көлік тауып беремін» деп, алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы жылдың 6 қыркүйегінде Семей қ. ПБ Әуезов ПБ 41 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны Семей қаласында 2020 жылдың 15 қарашасы мен 1 ақпан аралығында белгісіз біреу өзінің сеніміне кіріп, аукцион арқылы арзанға сатылатын көліктер арасынан «Toyota Land Curser Prado» және «Toyota Highlander » автомобильдерін «төмен бағаға тауып беремін» деп 4,5 миллион теңгеден астам қаражатын алып, ақша қолына тиген соң байланысқа шықпай, қашып жүргені туралы шағымданады.
– Қарағандылықтың арызы бойынша Семей қ. ПБ криминалдық полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларын нәтижесінде осы әрекетті жасады деген күдікпен еш жерде жұмыс істемейтін, бұрын сотты болмаған 33 жастағы семейлік анықталып, тергеу барысында ол өзі жасаған қылмысын толық мойындады. Жәбірленушінің ақшасын өзінің жеке бас мүдесіне жұмсап қойған. Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді Семей қ. ПБ бастығы Шалқар Құнанбаев.