Семейлік тұрғын Ресейден автокөлік алып келуге уәде берген азаматқа ақшасын беріп, қаражаттан қағылды
Семейлік тұрғын Ресейден автокөлік алып келуге уәде берген азаматқа ақшасын беріп, қаражаттан қағылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың қазан айының соңында Семей қ. Полиция басқармасы Орталық ПБ «102» жедел арнасына қаланың 31 жастағы тұрғыны жүгінді. Ол 2021 жылдың мамыр айында таныс емес ер адам «Toyota» автокөлігін сату сылтауымен алдап және сенімге кіріп, оның ақша қаражатын иемденгенін хабарлады. Келтірілген залал шамамен 2,5 миллион теңгені құрады.
– Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 49 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, жеткізді. Күдікті тергеу барысында ұрланған қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын түсіндіріп, кінәсін мойындады.
Жәбірленуші онымен көлік жуу орнында танысқаны анықталды. Әңгіме барысында қаскөй нарықтық бағадан әлдеқайда төмен бағамен жақсы көлік әкеліп беруге уәде берген. Келісім – шарттан кейін ер адам күдіктіге 2,5 миллион теңге берген,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.