Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейлік тұрғын танысын 7,5 млн теңгеге сан соқтырған

Семейлік тұрғын танысын 7,5 млн теңгеге сан соқтырған — деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласының 52 жастағы тұрғыны полицияға алаяқтық дерегі бойынша шағымданды. Анықталғандай, 2024 жылдың шілде айында оның танысы арзан бағамен пәтер алып беремін деп сендіріп, 7,5 миллион теңгені қолма-қол алып кеткен.

41 жастағы күдікті жәбірленушімен арадағы сенімді пайдаланып, пәтер мәселесін шешемін деп уәде еткен. Алайда келісім жүзеге аспай, алынған қаражат жеке мақсаттарға жұмсалған.

Күдікті ұсталып, тергеу барысында өз кінәсін мойындады. Ақша қайтарылған жоқ.

Аталған факті бойынша ірі көлемдегі алаяқтық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция тұрғындарға ескертеді: ресми келісімсіз, құжаттарды тексермей тұрып ешкімге ақша бермеңіздер. Тіпті таныстарыңызға да.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру