Сенаторлар Алматы полициясында болды
Сенаторлар Алматы полициясында болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2024 жылғы 28 желтоқсанда Жедел басқару орталығында сенат депутаттары Марат Қожаев, Жанна Асанова және Нұрия Ниязованың Алматы қаласы ПД қызметкерлерімен есеп беру кездесуі өтті. Кездесу барысында департамент басшылығы қызметтің жұмыс процестеріне цифрлық шешімдерді енгізу туралы баяндады, «102» желісі бойынша тұрғындардан келіп түскен қоңырауларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, сондай-ақ қылмыстарды ашуда қызметтердің жедел өзара іс-қимылына қажетті мамандандырылған бағдарламалық модульдерінің функционалдық мүмкіндіктерін көрсетті.
«Естуші мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында Мемлекет басшысының қызметтік кабинеттерге бейнебақылау жүйесін орнату және полиция ғимараттарындағы «соқыр» аймақтарды жою жөніндегі тапсырмасын орындау барысы туралы айтылды. Бүгінгі таңда іс-әрекетті тәулік бойы онлайн бақылау үшін жедел-тергеу, қызметтік ғимараттарда және учаскелік полиция пункттерінде ПД ЖБО-на шығарылатын 1 мың 477 бейнебақылау камерасы орнатылды.
Сонымен қатар патрульдік жасақтардың жұмысын бақылау үшін киілетін бейнетіркегіштер арқылы жасақтарды онлайн режимде басқаруға мүмкіндік туды.
Болып жатқан оқиғаларға жедел ден қою бойынша нәтижелерге қол жеткізілді. Сыртқы қызметтер мобильді планшеттермен жабдықталған, оларға шұғыл шешім қабылдауды талап ететін қажетті жедел ақпарат жіберіледі және олардың ведомстволық мәліметтер базасына қолжетімділігі бар.
Қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау үшін ПД ЖБО-на 52 мыңға жуық бейнекамера шығарылған, бейне талдау функциялары белсенді түрде енгізілуде.
Биылғы жылы бейнебақылау жүйесінің бірыңғай платформасына онлайн кіру арқылы білім беру мекемелерін бақылауға мүмкіндік туды. Ювеналды полиция қызметкерлерінің мобильді планшеттеріне қажетті бағдарламалық құралдың нұсқасы орнатылған. Кездесу қорытындысы бойынша бейнебақылау аналитикасын қолдану қажеттілігінің артып отырғанын ескере отырып, ұсыныстар мен бірқатар тапсырмалар берілді.