Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Сенде дуа бар”: Қызылордада “емші” тұрғынның қымбат алтын бұйымдарын алдап алған

Қызылордада өзін емшімін деп таныстырған әйел тұрғынның қымбат алтын бұйымдарын алдап алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Шиелі аудандық полиция бөліміне аудан тұрғыны арызданды. Азаматшаның айтуынша, бейтаныс әйел оны көрген сәттен «сенде дуа бар, емдеп берейін» деп сеніміне кіріп, оның қымбат алтын бұйымдарын алдап алған. Артынша әйел «ізін суытқан». Күдіктінің келтірген шығын көлемі 500 мың теңгені құрайды.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, осы қылмысқа күдікті ретінде Қарағанды облысының тұрғыны ұсталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру