Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сергей Емельянов Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды

Сергей Емельянов Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан XX Жазғы Азия ойындарында отандық спортшылар қоржынына тағы бір жүлде түсті.

500 метр қашықтықта байдарка мен каноэде ескек есуден қола медальді ҚР ІІМ “ARLAN” спорт клубының мүшесі, Ұлттық ұланның 6636 әскери бөлімі спорт командасын даярлау орталығының аға спорт нұсқаушысы Сергей Емельянов жеңіп алды.

Айта кетейік, Сергей Емельянов байдарка мен каноэде ескек есуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол 2022 жылғы Жазғы Азия ойындарының чемпионы және 2017 жылғы Азияның төрт дүркін чемпионы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру