Сервистік тәсіл – мобильді полиция
Құқық бұзушылық профилактикасы – баршаға ортақ міндет. Жетісу облысы Полиция департаментінің бастамасымен құқық бұзушылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау бойынша мүдделі органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық кеңес өкілдерінен мобильді топ құрылған болатын. Аталмыш топ өңірде бірқатар жұмыстарды жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz
Мобильді топтың мақсаты – облыстың шалғай елді мекендердегі тұрғындардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру, әйел мен балаға қатысты жасалатын зорлық-зомбылықтың алдын алу, осы бағытта қабылданып жатқан шараларды тұрғындарға жеткізу, Дағдарыс орталығының, әйелдердің құқығын қорғаумен айналысатын ұйымдардың қызметі туралы ақпараттандыру.
Мобильді топ өз жұмысын облыс аумағында 26 қыркүйек пен 15 қараша аралығында өткізіліп жатқан «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Қаратал ауданының шалғай орналасқан елді мекендерін, отгон учаскелерін аралай отырып, «Сіздің құқығыңыз қорғалады!» атты акция өткізіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Акция шалғай орналасқан жеке шаруақожалықтарын, отгон учаскелерін аралаудан басталды, мобильдік топ жұмыс беруші мен қызметшілердің құқықтары мен міндеттерін жеткізіп, Заң алдында бәрі тең, әр азаматтың құқығы қорғалатындығы туралы, сонымен қатар қандай да бір құқыққа қарсы әрекет, қысым көрген жағдайда тиісті органға хабарласу қажеттігі туралы түсіндіріліп, телефон нөмірі көрсетілген жадынамалар таратылды.