Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шахтинск қаласында бірнеше үйге ұрлыққа түскен күдікті құрықталды

Шахтинск қаласында бірнеше үйге ұрлыққа түскен күдікті құрықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

7 желтоқсанда Қарағанды облысы Шахтинск қаласының полиция бөліміне 29 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Жәбірленуші әйел жұмыста болған кезде белгісіз біреу терезе арқылы жеке үйге кіріп, алтын бұйымдарды ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген шығын көлемі 253 мың теңгені құрады. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

14 ақпанда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Криминалдық полиция қызметкерлері 24 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Айғақты заттар тәркіленді.

Полицейлер сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің осыған ұқсас төрт қылмысқа қатыстылығын анықтады. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру