Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шахтинск қаласының полицейлері адам тонаған күдіктіні қолға түсірді

Шахтинск қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері автобус аялдамасында адам тонаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

26 қазан күні Қарағанды облысы Шахтинск қалалық полиция бөліміне 28 жастағы азамат хабарласып, қаладағы аялдамалардың бірінде тұрғанда өзін белгісіз біреудің ұрып-соғып, ашық түрде ақшасы мен ұялы телефонын тартып әкеткендігі туралы арызданған.

Келтірілген шығын көлемі 89 мың теңгені құрады.

Жәбірленушінің айтуы бойынша өзін ұрып-соққан адам 29-30 жас шамасында болған.

Криминалдық полиция қызметкерлері өткізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмысқа  қатысы бар деген күдікпен 26 жастағы ер адам ұсталып, ол қылмысын мойындады.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабына (Тонау) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру