Шахтинск тұрғыны үйіне ұрлық жасамақшы болған күдіктінің үстінен түсті
Шахтинск тұрғыны үйіне ұрлық жасамақшы болған ұрының үстінен түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
22 ақпан күні Қарағанды облысы Шахтинск қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне қаладағы көп қабатты үйлердің біріне үй ұрысы түскені туралы ақпарат келді. Оқиға орынына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді.
41 жастағы жәбірленуші полиция қызметкерлеріне үйіне кірген бетте есікті іштен жабуды ұмытып кеткенін, арада бірнеше минут өткен бетте үйге белгісіз біреудің кіргенін естігенін түсіндірген. Кейін арызданушы дауыс шыққан кіреберіске бет алғанда белгісіз азаматша курткасының қалтасынан ақша мен құжаттар салынған әмиянын ұрламақшы болып жатқанын көрген. Үй иесін көріп қалған күдікті азаматша бірден қаша жөнелген.
Жедел әрекеттер барысында полиция қызметкерлермен осы іске қатсы бар деген күдікпен 64 жастағы азаматша ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.