Шалқар тұрғынынан киіктің екі ұшасы мен мылтық тәркіленді
Шалқар ауданының тұрғынынан киіктің екі ұшасы мен мылтық тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 қыркүйекте полиция қызметкерлері «Қару» жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу кезінде Шалқар қаласының 33 жастағы тұрғынының сарайында санкцияланбаған тінту жүргізу барысында киіктің екі ұшасы, екі ақбөкен мүйізі, тегіс ұңғылы мылтық және мемлекеттік тіркеу нөмері жоқ ИЖ-Юпитер мотоциклін тапты.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп- тексеру басталды.