Шалқар тұрғынының үйінен заңсыз сақталған қару-жарақ табылды
Шалқар тұрғынының үйінен заңсыз сақталған қару-жарақ табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 қазанда Шалқар ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 26 жастағы жергілікті тұрғынның үйінен қару-жарақ тауып, тәркіледі.
Атап айтқанда, жас жігіт жазғы сарайында 16 калибрлі қос ұңғылы мылтық пен дара ұңғылы шолақ мылтық, сондай-ақ 7 патрон сақтаған. Ол полиция қызметкерлеріне қос ұңғылы мылтықты біраз уақыт бұрын тауып алғанын айтса, екінші қарудың марқұм атасынан қалғанын жеткізген.
Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген қару-жарақтарға қажетті сараптамалар тағайындалды.