Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шақырту бойынша келіп, алтын бұйымдарды ұрлап кеткен астаналық электрик ұсталды

Елорда полицейлері шақырту бойынша келіп, алтын бұйымдарды ұрлап кеткен электрикті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға елорда тұрғынынан екі алтын сақинасының жоғалғаны туралы арыз келіп түсті.

Оның айтуынша, ол “бір сағаттық күйеу” қызметінен электриктің келіп, кеткенінен кейін мүліктің жоғалғанын анықтаған. Әйел электр плиткасын жөндеу үшін шеберді шақырған.

Шақыру бойынша келген электрик жұмысын аяқтап, қол жетімді жерде тұрған екі алтын сақинаны жасырын ұрлап әкеткен.

“Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері 23 жастағы қаскүнемді анықтады. Ол ұрланған зергерлік бұйымдарды ломбардқа өткізгенін және түскен қаражатты өз қалауы бойынша жұмсағанын мойындады.

Жас жігіттің бұрын осыған ұқсас құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапқа тартылғаны белгілі болды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұрланған алтын бұйымдар тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Астана қаласының полиция департаменті мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында азаматтарға түрлі сервистерден мамандарды шақыру кезінде қырағы болуды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру