Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шардаралық полицейлер айыппұлдары төленбеген 300-ден астам көлікті анықтады

Шардаралық полицейлер айыппұлдары төленбеген 300-ден астам көлікті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мемлекетке айыппұл берешегі бар және салық төлемдерді төлемеген азаматтарды, сондай-ақ көлік жүргізушілерін тексеру, оларға ескерту жұмыстарын жүргізу мақсатында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Осы бағытта Шардара ауданы аумағында рейдтік жұмыстар жүргізілді.

Нәтижесінде полицейлер мен жеке сот орындаушылары бірлесе отырып, 5 миллион теңгеге жуық қаражат өндірді. Сонымен қатар тәртіп сақшылары айыппұлдары төленбеген 301 автокөлікті анықтады. Оның ішінде 27 автокөлік айыптұраққа койылды. 

Мәселен «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде көше бойынан ВАЗ 2107 автокөлігі тоқтатылды. Аталған автокөліктің жалпы сомасы 82 мыңды құрайтын 5 әкімшілік хаттамасы төленбегені белгілі болды. Осы ретте жүргізушіге заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тиісінше жүргізушіден арқалаған берешегі өндірілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру