Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған қостанайлық бас бостандығынан айыру орнына қайтарылды
Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған қостанайлық бас бостандығынан айыру орнына қайтарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұған дейін 45 жастағы жергілікті тұрғын есірткі заттарын заңсыз сатып алғаны, сақтағаны және өткізгені үшін түзеу мекемесінде қылмыстық жазасын өтеген.
Кейінірек сот шешімімен ол мінез-құлқындағы оң өзгерістер үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды.
Айта кету керек, жазаны шартты түрде мерзімінен бұрын босату және ауыстыру сотталғандарды жазаны өтеу режимінің барлық талаптарын орындауға, жәбірленушілерге материалдық залал мен моральдық зиянды өтеуге шаралар қабылдауға, мекеменің әлеуметтік өміріне белсенді қатысуға ынталандырады.
Шалт басқан адамдарда үміт пайда болады және қалыпты өмірге оралу үшін жақсы жаққа ұмтылу жағына өзгереді. Бұл ретте шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу бастамашысы сотталушының өзі бола алады.
Түзеу процесі нақты босатылғаннан кейін де жалғасатындықтан, сот шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға белгілі бір міндеттер жүктей алады: сотталғанның мінез-құлқын бақылайтын арнайы мемлекеттік органға хабарламай оның тұрақты тұрғылықты жерін, жұмысын, оқуын өзгертпеу, белгілі бір жерлерге бармау және маскүнемдіктен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан емделу курсынан өту, отбасына материалдық қолдау көрсету.
2024 жылғы 26 маусымда № 2 қалалық сотта Қостанай қаласы полиция басқармасы бастығының 45 жастағы сотталушыға қатысты шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою және оны бас бостандығынан айыру орындарына жіберу туралы мәселені қарау туралы өтініші қаралды.
– «Үй қамағында» жазасын өтеу кезінде ол бірқатар бұзушылықтарға жол берді. Тексеру кезінде тұрғылықты жері бойынша үш рет үйінде болмаған, екі рет мас болған, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасаған, – деді учаскелік полиция инспекторы Темірлан Мурзағалиев өзінің есеп берушісі туралы.
Полицейлердің бірнеше рет ескертулеріне қарамастан, ер адам өзі үшін тиісті қорытынды жасамады және бұзушылықтар жасауды жалғастырды.
Сот жасалған бұзушылықтардың сипатын, олардың ұзақтығын және сотталған адамның өзіне қатысты белгіленген шектеулерден жалтару себептерін, сондай-ақ сипаттайтын материалдарды ескере отырып, полицейлердің өтінішін қанағаттандырды және сотталған адамды жазаның өтелмеген бөлігіне 1 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру орындарына жіберді.
Ағымдағы жылдың басынан бері полиция қызметкерлерінің өтініші бойынша 11 адамға қатысты шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығы жойылды.