Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Шартты түрде сотталған»

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Қармақшы аудандық пробация қызметінде маусым айының 15-25 аралығында «Шартты түрде сотталған» атты республикалық профилактикалық іс-шара өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақсаты – пробация есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтың және қылмыстың қайталануының алдын алу, сондай-ақ іздеу жарияланған сотталғандардың тұрғылықты жерін анықтау.

Аталған профилактикалық іс-шараның басты міндеті пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың тұрғылықты мекен-жайларын тексеру, олармен тәрбиелік-профилактикалық әңгіме-сұхбат жүргізу, материалдық-тұрмыстық жағдайларын тексеріп, әлеуметтік құқықтық көмек көрсету көлемін және пробация қызметі бақылауынан жалтарып жүрген сотталғандарды анықтау болып табылады.

– Қазіргі уақытта аудандық пробация есебінде 37 адам есепте тұр. Осы іс шара барысында екі күнде 16 адамды тұрғылықты мекен-жайынан тексеріп, профилактикалық бағытта сұхбат жүргізілді. Бірінші кезекте қылмысқа бейімділер санатқа жатқызылатын үш сотталғанның мекенжайына барып, өзімен бірге тұратын туған-туыстарымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Есептегі адамдарды аудандық прокуратура, Полиция басқармасының сала қызметтері мен пробация инспекторлары күнделікті тексеру жұмыстарын жүргізеді, – деді аудандық пробация қызметінің инспекторы Жанмұрат Кулунбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру