Шекарадан өтпек болған жүк көлігінің жүргізушісінен гашиш табылды
Шекарадан өтпек болған жүк көлігінің жүргізушісінен гашиш табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы аумағында Келес АПБ мен ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері есірткіні заңсыз сақтаған күдіктіні ұстады. Яғни, кеден бекетінен өту кезінде тәртіп сақшылары Түлкібас ауданының тұрғынынан есірткі затына ұқсас затты тапты.Нақтырақ айтсақ, сағат 12:50 шамасында Ақтөбе ауылдық округінің жанынан Өзбекстан Республикасының аумағына өтпекші болған жүк көлігінің жүргізушісіне Катюша атты қызметтік ит белгі береді. Тінту кезінде жедел уәкілдер күдіктінің қалтасынан құрамында есірткі заты бар ораманы тауып, тәркіледі.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері Келес АПБ-нің СДТБТ-ға ҚР ҚК 286-бабы (Айналымнан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша тіркеді.
Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Оның қорытындысына сәйкес, алынған есірткі гашиш болып шықты. Ер адам тыйым салынған затты өзі тұтынуы үшін сақтағанын жеткізді. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.