Шетел азаматтарына көлікті тірекудің жеңіл жолы
Көлік полицейлері азаматтарға Қазақстан Республикасында шетелдіктерді тіркеудің жеңілдетілгендігі туралы хабарлайды Polisia.kz порталының тілшісі.
2020 жылғы 11 қаңтардан бастап шетел азаматтары (шетелдіктердің барлық санаты үшін) 30 тәулікке дейінгі мерзімге дейін ішкі істер органдарында тіркеуден босатылады.
«Бұл ретте Қазақстан Республикасында уақытша тұру мерзімі мемлекеттік шекараны кесіп өткен күннен бастап 30 күнтізбелік күннен, 180 күнтізбелік күнде әрбір кезең ішінде жиынтық 90 күнтізбелік күннен аспауы тиіс. Шетелдік азамат Қазақстан аумағында 30 тәуліктен аса мерзімде тұрған кезде қабылдаушы тарап қонаққа уақытша болуға рұқсат беруге міндетті», – деп атап өтті ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Мәулен Мақанов.
Оның айтуынша, қабылдаушы тұлғалар көші-қон қызметін шетелдіктер келген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде олардың келгендері туралы хабардар етуге міндетті.
Хабарлама болмаған жағдайда қабылдаушы тарап ҚР ӘҚБК 518-бабы бойынша әкімшілік тәртіптік жауапкершілікке тартылады (Онда жүрген шетелдіктер туралы ІІО-ны уақтылы хабардар етуі жөнінде шаралар қолданбау).
Шетелдіктерге қолайлы жағдай жасау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, Ішкі істер министрлігінің тапсырмасы бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы және Петропавл қалаларының халықаралық әуежайларында ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің тәулік бойы көші-қон пунктері орнатылды және жұмыс істеуде.
«Департаменттің көші-қон қызметінің қызметкерлері шетелдік азаматтарға құқықтық көмекті, оны ұшып шығудан кідіртпей көрсетеді (көші-қон заңнамасын бұзған жағдайда көшпелі тіркеу және шығу визаларын әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін және форс-мажорлық жағдайларда (метеожағдайлар, авиарейстерді кідірту және т.б.)», – деді полиция полковнигі.
«Сондай-ақ, хабарлама рәсімін www.vmp.gov.kz. визалық-көші-қон порталы арқылы ресімдеуге болады», – деп атап көрсетті ол.