Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шетел азаматы көші-қон қызметкеріне алғысын білдірді

Шетел азаматы көші-қон қызметкеріне алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Баянауыл ауданы көші-қон қызмет тобының аға инспекторы Мейрамгуль Шаймерденовамен Моңғолия елінің азаматы Салий Тойғабылдың Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен қабылдау жұмыстары жүргізілген болатын.

Құжаттарды қабылдау барысында Тойғабыл мырзаға азаматтықты қабылдау кезінде құқықтары мен міндеттері, қарастырылу мерзімі түсіндірілген болатын. Қарастырылған құжаттары оң нәтиже беріп, 3 айдан кейін Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдады. Имидждік және идеологиялық іс-шараларды насихаттау аясында өтініш иесіне Қазақстан Республикасы азаматының құжаттары салтанатты түрде табысталды.

- Мен Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаныма шын жүректен қуаныштымын. Бұл мен үшін үлкен мәртебе, зор сенім. Осы мемлекеттің толыққанды азаматы ретінде Отанымның өркендеуі үшін аянбай еңбек етуге дайынмын. Көші-қон қызметкерлеріне алғысым шексіз!, - деді Тойғабыл мырза өз сөзінде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру