Шетел азаматы мерзімінен бұрын айыппұлмен босатылды
Қызылорда облысы ЗК-169/4 мекемесінде сотталған Әзірбайжан азаматы жазасының өтелмеген бөлігі айыппұл түріне ауыстырылып, мерзімінен бұрын босатылды, -деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен ЗК-169/4 мекемесінде жазасын өтеуші сотталған Э. есімді шетел азаматы ҚР Қылмыстық кодексінің 118-бабының 3-бөлігімен (адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ)жұқтыру, екi немесе одан да көп адамға қатысты не көрiнеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған іс-әрекет) екі жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған.
Сотталған мекемеде жазасын өтей жүріп, мәдени-спорттық іс-шараларға белсене қатысады. Оның жазасын өтелмеген бөлігін айыппұл түріне ауыстыру үшін іс-құжаттары қалалық сотқа жолданады. Қызылорда қалалық №2 сотында онлайн режимінде Әзірбайжан Республикасының азаматына қатысты сот отырысы өтті. Сот қаулысының негізінде, жазасының өтелмеген бөлігі айыппұл түріне ауыстырылып, шетел азаматы босатылды.