Шетел азаматы СҚО-ның көші-қон қызметкеріне алғысын білдірді
Абхазия елінің тумасы СҚО-ның көші-қон қызметкеріне алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
35 жастағы қала тұрғыны СҚО ПД бастығы Марат Төлебаевтың атына алғысқа толы хат жолдады. «Көші қон қызметкері Алтынай Жақсыбайқызының көмегімен мен бүгін Қазақстан Республикасының азаматтығына қол жеткіздім, – деп жазған хатында. Ол Абхазия Республикасы Сухуми қаласынан 2005 жылы келген. Отанындағы саяси жағдайдың күрделі болуына байланысты ұзақ уақыт бойы қазақстан азаматтығын ала алмаған. Грузия азаматтығынан шыққаны жөнінде анықтамаға қол жеткізе алмаған. Тек 2020 жылы полиция аға лейтенанты Алтынай Грузия тарапымен байланысып, қажетті құжаттарды ресімдеу мүмкін болды. Қарашаның 19-ы көші-қон қызметкері Абхазия тумасын ҚР азаматы атанғанын хабарлап, қуантты.
– Алтынай – өте сауатты, мейірімді қызметкер. Ішкі істер органдарында 14 жыл, көші-қон қызметінде 2019 жылдан қызмет атқарады. Жүгінген адамды мұқият тыңдап, мәселесінің мән-жайын түсінуге тырысады, қажетті құжаттарды жинауға көмектеседі, нәтижесіне жете алады, – дейді СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ермек Нұсырбаев.
Жыл басынан 126 адам Қазақстан Республикасының азаматтығын алды.