Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шетелдік азаматтар жол апатына ұшырады

«Самара – Шымкент» тас жолының Ақтөбе облысының бөлігінде шетелдік азаматтар мінген автокөлік апатқа ұшырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 12 наурызға қараған түні Қалабай ауылының маңында болған. Тәжікстан азаматы тізгіндеген «Форд-Фокус» қарсы бағытқа шығып кетіп, Өзбекстан азаматы жүргізіп келе атқан 17 жолаушысы бар «Автолайн» автобусымен түйіскен.

«Форд-Фокус» жүргізушісі мен үш жолаушы (кәмелетке толмаған 2 бала) және жүргізуші Ырғыз аудандық ауруханасына жеткізілді.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін сақтауды, елді-мекеннен тыс жерлерге шығу кезінде метеорологиялық жағдайларды ескеруді, жылдамдық режимін бұзбауды, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Сіздің немқұрайлылығыңыз адамның өмірі мен денсаулығына нұқсан келтіруі мүмкін.

Естеріңізде болсын, сізді үйде туған-туысқандарыңыз және жақындарыңыз күтіп отыр!

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру