Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шетелдік азаматтардың Қазақстандағы мәртебесі: тіркеу, жауапкершілік және уақытша тұру ережелері

Маңғыстау облысында есептік кезеңде 3873 шетелдік уақытша тіркеуге алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы аумағында болу ережелерін және басқа да әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол берген 655 шетелдік жауапкершілікке тартылды. Олардың 164-і елден тысқары шығарылды.

Сонымен қатар қолданыстағы ережелерге сәйкес, қабылдаушы тарап шетелдіктің Қазақстанға келгені және тұрғылықты жерінің өзгергені туралы көші-қон қызметіне хабарлауға міндетті. Бұл талап шетелдік азамат келген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде орындалуы қажет.

Хабарламаны уақытылы бермеу қабылдаушы тарапқа 10-нан 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Егер бір жыл ішінде бұл ереженің қайта бұзылғаны анықталса, шақыруларды рәсімдеуге 1 жылға тыйым салынады.

Уақытша тұруға рұқсат келесі мақсаттар үшін 1 жылға дейінгі мерзімге беріледі:

- Еңбек қызметі (еңбек шарты негізінде);

- ЕАЭО (Еуразиялық экономикалық одақ) елдері үшін жұмысқа рұқсат немесе еңбек патенті негізінде;

- Бизнес-иммигрант ретінде кәсіпкерлік қызмет;

- Отбасымен қосылу;

- Оқу, емделу, миссионерлік қызмет.

Қазақстаннан шыққан жағдайда, уақытша тұруға рұқсат өзінің ресімделген мерзімінің соңына дейін жарамды болып қалады. Елге қайта кірген кезде, оны қайта рәсімдеудің қажеті жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру