Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шетелдік есепте тұрған көліктер 12 жол-көлік оқиғасын жасады

Жыл басынан бері Ақмола облысында шетелдік есептегі көлік құралдарының жүргізушілері 12 жол-көлік оқиғасына қатысты,-деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.

 

Ақмола облысының жолдарындағы шетелдік нөмірлермен жүрген көлік құралдарын жиі кездестіруге болады, кейбір жүргізушілер олардың деректер қорында жоқ екеніне сенімді бола отырып, жол қозғалысы ережелерін бұзып жатады.

 

Ең жиі жол ережесін бұзушылықтар қатарында: жылдамдықты арттыру, қашықтықты сақтамау, қарсы жолаққа шығу.

Ақмола облысында ағымдағы жылдың басынан бері шетелдік нөмірлері бар автокөлік жүргізушілері 12 жол-көлік оқиғасына қатысты болып шықты.

 Соның салдарынан 2 адам қаза тауып,28 адам әртүрлі дене жарақаттарын алған.

 

Өткен жылы 48 апат тіркеліп, апат 10 адамның өліміне алып келді, 83 адам зардап шекті.Айта кетейік, көлік құралы  заңға сәйкес Қазақстанда сақтандырылған болуы керек.

 

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап Ақмола полицейлері Еуропалық экономикалық одақ елдерінен әкелінген көлік құралдарын уақытша тіркеу мәселелері бойынша автокөлік иелеріне кеңес берген еді. Осылайша, 5 күн ішінде полиция қызметкерлерінен 100-ден астам шетел автокөліктерінің иелері білікті көмек алды.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру