Щучинск-Зеренді автожолында 1 млн теңгенің конструкциясын ұрлағандар ұсталды
Щучинск-Зеренді автожолында бір миллион теңгенің конструкциясын ұрлағандар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Зеренді ауданының ПБ полиция бөліміне «ДЭУ-73» учаскесі бастығының қатынас қағазы келіп түсті. Арызданушы ағымдағы жылдың 5-12 сәуір аралығында «Щучинск-Зеренді» автожолында ұрлық жасалғаны туралы хабарлады. Автожолдың 60 шақырымда белгісіз біреулер қисық сызықты білеудің «консоль» 242 металл конструкциясын ұрлап кеткені анықталды. Шығын сомасы бір миллион теңгеден асты.Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері екі күдіктіні анықтады, екеуі де Зеренді ауылының 42 және 47 жастағы тұрғындары.Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілердің біріне қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Ақмола облысының полицейлері азаматтардан бей-жай қалмауды және жол инфрақұрылымын ұрлаудың куәгері болсаңыз, бұл туралы дереу полицияға хабарлауды сұрайды.