Щучинскіде ҚАЖ қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті
21-23 сәуір күндері Щучинск қаласында Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің аумақтық бөлімшелері арасында шағын футболдан турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 15 команда, 150-ден астам қызметкер қатысты. Бұл үш күндік дода шынайы спорт мерекесіне айналып, командалық рух пен әділ бәсекенің үлгісін көрсетті. Қорытынды бойынша 1-орынды Павлодар облысы бойынша ҚАЖД, 2-орынды Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД, 3-орынды Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД жеңіп алды.
Жеке номинациялар иегерлері:
•Үздік шабуылшы — Ғасырбек Артыков (Ақтөбе облысы);
•Үздік қорғаушы — Азамат Еспаев (Павлодар облысы);
•Үздік қақпашы — Мұхит Түлепов (Маңғыстау облысы);
•Турнирдің үздік ойыншысы — Темірлан Елеулов (Қарағанды облысы);
•“Жеңіске деген жігері үшін” арнайы марапатын Шымкент қаласы және Түркістан облысынан қатысқан команда жеңіп алды.
Мұндай спорттық бастамалар ҚАЖ жүйесі қызметкерлерінің физикалық дайындығын арттырып, ұжым ішіндегі бірлікті нығайтуға, командалық жұмыс дағдыларын дамытуға және кәсіби күйзелістің алдын алуға ықпал етеді.
Турнир спорттың тек бәсеке емес, сондай-ақ ынтымақтастық пен жауапкершілікке негізделген мықты ұжымдар қалыптастыру құралы екенін тағы бір мәрте көрсетті.