Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шиелі ауданының полицейлері қайырымдылық шараларына атсалысты

Шиелі полицейлері аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созып, азық-түлік жеткізіп берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қайырымдылық – мұқтаж жан­дарға көрсетілер нақты көмек, ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеті. Кісінің айнала­сын­дағы адамдарға танылатын тамаша қыры да қаншалықты қайырымды екендігінен байқалады.

Шиелі ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлері көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек қолын созып, азық-түлік жеткізіп берді.

– Қайырымдылық шарасын ұйымдастырудағы басты мақсат– халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған бөлігіне көмек қолын созу арқылы қиын-қыстау кезеңде мейірімділік пен ізгілікті жоғалтпай, бірліктің үлгісін көрсету, – деді полиция қызметкерлері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру