Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шиеліде меншікке қарсы қылмыстардың алдын алу бойынша меморандумға қол қойылды

Қызылорда облысының Шиелі ауданында меншікке қарсы қылмыстардың алдын алу мақсатында прокуратура, полиция, әкімдік және ломбардтар мен түсті металдарды қабылдау қызметімен айналысатын кәсіпкерлер арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған меморандум ауданда меншікке қарсы қылмыстардың алдын алу мақсатында жасалды. Меморандумға қол қою барысында тараптар арасындағы ынтымақтастықты жүзеге асыруда бірлесіп атқарылатын жұмыстар санаты анықталды, ұрланған мүліктердің айналымға кетуіне жол бермеу, қылмыстық жолмен табылған заттарды анықтау бойынша бірлескен іс-қимылдар белгіленді.

Шараға аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов, аудан прокуроры Н.Дүйсенбаев, аудандық полиция бөлімінің бастығы Д.Беркімбаев, “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының басшысы және ломбардтар мен металл қабылдау орындарының иелері қатысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру