Шортандыда жол-көлік оқиғасы орын алды
Ақмола облысы Шортанды ауданында жол-көлік оқиғасы орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 мамырда сағат 19:31-де Шортанды ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Шортанды – Новографское автожолында ЖКО болғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Шортанды кентінің 30 жастағы тұрғыны Новографское кенті бағытында келе жатып, рульді басқара алмағаны және Daewoo Matiz маркалы автокөліктің жолдан аударылуына себепші болған.
ЖКО нәтижесінде жүргізуші мен төрт жастағы кішкентай қыз бала түрлі жарақаттармен орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Сараптама тағайындалды.
ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлімі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.