Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шотланд мысығын сатып алмақ болған семейлік әйел алданып қалды

Семейлік әйелдің шотланд мысықтарына қатысты алаяқтыққа ұшыраған ақшасы қайтарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласының тұрғыны үшін үй жануарын сатып алу талпынысы күтпеген жағдайға айналды. 10 қазанда полицияның жедел арнасына 51 жастағы әйел хабарласып, 17 жастағы қызын интернет арқылы алдап кеткенін мәлімдеді. Белгісіз адам “OLX” платформасында екі шотланд мысығын сатамын деген желеумен қыздан 34 000 теңгені алаяқтық жолмен алып кеткен.

Абай облысы ролиция департаментінің “Киберпол” тобының қызметкерлері жедел әрекет етіп, алаяқты тез арада анықтады. Қыздың жоғалған ақшасы толық қайтарылып, адал емес жолмен табыс табуды көздеген жас жігіт жауапқа тартылды.

Алаяқтың құрбаны болған қыздың анасы полиция қызметкерлерінің жедел әрі кәсіби іс-қимылына алғыс білдірді.

Интернет алаяқтықты ашудағы жедел әрекеттеріңіз бен жоғары кәсібиліктеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Сіздердің үйлесімді және жылдам әрекеттеріңіздің арқасында әділдік орнап қана қоймай, жоғалған ақша да қайтарылды.

– Сіздердің қызметке деген адалдықтарыңыз нағыз үлгі болып табылады. Осындай күрделі жағдайларды шешудегі біліктілік пен жауапкершіліктеріңіз ерекше құрметке лайық. Шын жүректен ризашылығымды білдіремін, – деп семейлік әйел полиция қызметіне алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру