ШҚО автожолдарының бірінде кюветке шығып кеткен жүк көлігі қозғалысқа кедергі болды
ШҚО автожолдарының бірінде кюветке шығып кеткен жүк көлігі қозғалысқа кедергі болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарлы боран, бұрқасын, жолдың нашар көрінуі, ауа райының осындай «тосынсыйлары» бірнеше күн бойы Шығыс Қазақстан облысы жолдарында жүрген автокөлік жүргізушілерін алаңдатып отыр. Шемонаиха ауданының полицейлеріне жолдан кюветке шығып кеткен Skania жүк көлігі жүргізушісінің өтініші келіп түскен. Ер адам көлікті өздігінен қазып ала алмай, керісінше батып қалған.
Көліктер мен жолаушылар автобусы жолдың тарылуына байланысты өте алмай, жиналып қалған жерге қарай полиция қызметкерлері, құтқарушылар және ауыр жол техникасы жылжыған.
Бір сағатқа созылған жолды тазартудан кейін автокөлік жүргізушілері әрі қарай сапарларын жалғастырған. Ал, ауыр, көп тонналы жүк көлігін кейінірек, мамандандырылған техниканың көмегімен бірнеше әрекеттен кейін шығарған.