ШҚО бойынша ҚАЖД-да суицидтің алдын алу тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Өскемен қаласында №73 мекеме базасында "Психология негіздері. Суицидке ықпал ететін факторлар. Суицидтік ниеттің алдын алу" тақырыбында дөңгелек үстел өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараға түрлі сала мамандары – психологтар мен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің тәрбие жұмысы жөніндегі басшылық өкілдері қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты - суицидтік ниеттің алдын алу шараларын талқылау, өзін-өзі өлтіру әрекеттеріне ықпал ететін негізгі себептер мен белгілерді анықтау, қылмыстық-атқару жүйесінде суицидтің алдын алу әдістерін жетілдіру.
Дөңгелек үстел барысында сала мамандары баяндама жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Шақырылған сарапшылар қатарында ШҚО Жоғары колледжінің психологы Гаухар Рыспаева, ШҚО Психология және түзету педагогикасы кафедрасының докторанты Дилара Есімханова, ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының "ШҚ ОӨЗ" ШЖҚ КМК психиатрия бөлімінің диспансерлік бөлімшесінің психологы Яна Нечепуренко, ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының "ШҚ ОЦӨЗ" ШЖҚ КМК психиатрия бөлімінің диспансерлік бөлімшесінің дәрігер-психиатры Ксения Романова болды.
Іс-шара барысында қатысушылар өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу бойынша өзекті мәселелерді ортаға салып, практикалық ұсыныстар мен озық тәжірибелерін бөлісті. Әрбір сарапшы өз саласы бойынша терең талдау жасап, суицидтік ниеттермен жұмыс істеудің тиімді тәсілдерін ұсынды.
Мекеме қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарға толық жауап алып, тәуекел топтарымен жұмыс істеуге арналған жаңа әдістемелермен танысты. Мұндай кездесулер ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтып, кәсіби қолдаудың маңыздылығын айқындай түседі.
Дөңгелек үстелге қатысушылар бұл шараның суицидтің алдын алу жолында маңызды қадам болғанын атап өтті. Жиналған мамандар алдағы уақытта да осындай кездесулер өткізу қажеттігін алға тартты.