Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да 10-нан астам заңсыз иммигрант республика аумағынан шығарылды

Шығыс Қазақстан облысында «Мигрант» ЖАІШ алғашқы күнінде 10-нан астам заңсыз иммигрант республика аумағынан шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 наурызда Шығыс Қазақстан облысында дәстүрлі «Мигрант» жедел алдын алу шарасы басталды.

ЖАІШ аясында құрамына көші-қон қызметі, жергілікті полиция қызметі, ЭҚІҚБ және КПБ қызметкерлері қосылған мобильды топтардың жұмысы ұйымдастырылды. Олар заңсыз мигранттардың кіруі мүмкін жерлерді патрульдейді, жолаушылар автобустарын, жеңіл және жүк көліктерін, сондай-ақ саяжайларды, шетел азаматтарының күштерін қолданумен салынып жатқан ғимараттарды, қоғамдық тамақтану орындарын және криминогендік элементтер шоғырлануы мүмкін басқа да объектілерді тексереді.

– Жедел алдын алу іс-шарасының алғашқы күнінің қорытындысы бойынша соттың шешімімен 10-нан астам шетел азаматы елден шығарылды, 116 азамат әкімшілік жауапкершілікке және 45 үй иесі шетелдіктердің болуы туралы полицияға дер кезінде хабардар етпегені үшін жауапкершілікке тартылды, – деді Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Максим Пупков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру