ШҚО-да 120 шетелдік азамат жауапкершілікке тартылды
ШҚО-да "Мигрант" жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылғы 06-12 желтоқсан аралығында "Мигрант" жедел профилактикалық іс-шарасы аясында көші-қон қызметі бөлімшелерінің қызметкерлерімен уақытша және тұрақты тұратын шетел азаматтардың мекенжайларын және шетелдіктерді қабылдайтын тұлғалардың хабарламаларын тексеру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
- Полиция органдарына шетелден жұмысшының келгені туралы уақытында хабарламаған үшін заңды тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылады. Жедел профилактикалық шарасын өткізудің бастапқы кезінен барлығы 120 азамат жауапкершілікке тартылды, - деді Ербол Бекбаев.
Көші-қон қызметі қабылдаушы жеке және заңды тұлғаларға өздеріне келетін шетелдіктер келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде олар туралы көші-қон қызметін хабарлауға міндетті екендігін еске салады. Уақтылы хабарламаған жағдайда, қабылдаушы адамдар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 518-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.