ШҚО-да 14 күн ішінде «Нерест» ЖПІШ барысында 160-тан астам бұзушылық анықталды
Шығыс Қазақстан облысында «Нерест-2021″жедел профилактикалық іс- шарасы өтуде, – деп хабарлайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Акцияның мақсаты – балық және балық ресурстарын заңсыз өндіруге, тасымалдауға және сатуға байланысты құқық бұзушылықтар мен экологиялық қылмыстардың алдын алу және анықтау.
– 13 күн ішінде ШҚО-да балық ресурстарын заңсыз аулаудың 160 құқықбұзушылығы анықталды. 154 адамға қатысты жалпы сомасы екі миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды, оның ішінде 1,2 миллион астам теңге өндіріп алынды,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
«Нерест» ЖПІШ кезінде полицейлер құқық бұзушылардан бір тоннадан астам балық, синтетикалық монофиламенттен жасалған үш мың метр тор, 36 құқық бұзушылық құралын тәркіледі. Келтірілген залал сомасы шамамен 1,5 млн.теңгені құрады.
Айта кетсек, балық аулаудың нормалары мен ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік (ҚР ӘҚБтК 383-бабы) ғана емес, қылмыстық жауапкершілік (ҚР ҚК 335-бабы) қарастырылған.
Бұдан басқа, полицейлер балық ресурстарын заңсыз өндіру бойынша үш бұзушылық фактісін тіркеді және балық ресурстарын заңсыз тасымалдаудың үш фактісін анықтады.
Мысалы, Бесқарағай аумағында «Нерест-2021» операциясы кезінде ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 1-бөлігі бойынша балық аулау ережелерін бұзғаны үшін 14 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Балық аулау ережелерінде пайдалануға көзделмеген синтетикалық монофиламенттен жасалған 120 метр иесіз тор алынды.
ШҚО полиция департаменті балық аулау әуесқойларына табиғи байлықты сақтау мақсатында белгілі бір уақыт аралығында балық аулаудан бас тартуды сұрайды.
Естеріңізге сала кетсек, ШҚО-да «Нерест-2021» ЖПІШ-сы 2021 жылдың 16 сәуірінен 30 мамырына дейін өтуде.