ШҚО-да 15 жастағы жасөспірім мопед ұрлады
ШҚО-да 15 жастағы жасөспірім мопед ұрлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 23 сәуірінде Алтай қ.ПБ «102» жедел арнасына 45 жастағы қала тұрғыны жүгініп, белгісіз адам құлыпты сындыру жолымен гаражға кіріп, құны 50 мың теңге тұратын Racer мопедін ұрлап кеткенін хабарлады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері бұл қылмысты «ізін суытпай» ашты. Ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 15 жастағы жасөспірім жеткізілді. Жауап алу барысында жасөспірім кінәсін мойындап, ұрланған көлікті қайтарды.
Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған бала ата-анасына тапсырылды.
ШҚО Полиция департаменті ата-аналарға балалармен қылмыстық құқық бұзушылық жасауға жол бермеу мақсатында тұрақты негізде профилактикалық әңгімелер жүргізу қажеттігін ескертеді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.