Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да 2 жыл бойы алимент төлеуден жалтарған ер адам анықталды

ШҚО-да 2 жыл бойы алимент төлеуден жалтарған ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз айының басында Шемонайха аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесіне өзінің кәмелеттік жасқа толмаған баласына 700 мың теңгеден артық қарызы бар 31 жастағы алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматты іздестіру туралы жеке сот орындаушысынан қаулы түскен. Іздестіру шаралары кезінде көші-қон қызметінің қызметкерлерімен 24 сағат ішінде іздестіру ісін бастамастан, оның тұрғылықты жері анықталды. Тұрақты жұмысы болмағандықтан, екі жылдан артық уақыт әкесі өзінің кәмелеттік жасқа толмаған баласын асырауға алимент төлемеген. Алимент бойынша қарыздарды өндіріп алу үшін материал жеке сот орындуашысына берілді.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлерімен 70-тен артық алимент төлемеушілер анықталды.

Көші-қон қызметі ескертеді,  атқарушылық құжатты орындамағаны үшін заңда ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы және ҚР ҚК 139-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру