Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да 24 бас жылқы ұрлағандар ұсталды

ШҚО-да 24 бас жылқы ұрлағандар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО полицейлері облыс аумағында мал ұрлығымен айналысқан адамдарды анықтау және қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша жедел іс-шаралар өткізді.

Арнайы құрылған топтар қаскөйлердің жазасыз қалуға мүмкіндік беген ұзақ уақыт бойы ашылмаған бұрын жасалған қылмыстарға ерекше назар аударды.

Нәтижесінде, бірнеше күн бұрын 2020 жылдың қараша айында Абай ауданында еркін жайылымнан 13 жылқының ұрлығына қатысы бар 24 жастағы облыс тұрғыны ұсталды. Күдіктінің заңсыз әрекеттері салдарынан мал иесіне келтірілген залал шамамен 5 млн. теңгені құрады.

Сонымен бірге, тәртіп сақшылары 25 және 40 жастағы тағы үш ер адамды ұстады, олар өткен жылдың маусым-қараша айларында қараусыз жайылып жүрген 24 бас жылқы ұрлаған. Жәбірленушінің бағалауы бойынша оған келтірілген залал шамамен 6 млн. теңгені құрады.

– Барлық ұсталған адамдар соттың санкциясымен қамауға алынды. Олардың әрекеттері ҚР ҚК-нің188-1-бабы 2-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша сараланған, санкциясымен 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, – деді ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.


Полицейлер мал иелерін мал жаюдың белгіленген ережелерін сақтауға, оны қараусыз қалдырмауға және жоғалту мен ұрлау үшін жағдай жасамауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру