ШҚО-да Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған ауқымды іс-шара өтті
ШҚО-да Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған ауқымды іс-шара өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
9 тамыз күні Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорық аумағы мерекелік көңіл-күйге толды. Мұнда ұлы ақын, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған ауқымды іс-шара өтті.
ШҚО полиция департаментінің қызметкерлері мерекеге белсенді атсалысты. Ұлттық ойындар Асық ату мен Арқан тарту сайыстарында олар тек ептілік пен күш қана емес, нағыз командалық рухты көрсетті. Қызу тартыс, достық бәсеке және көрермендердің зор қолдауы бұл сайыстарды ерекше әсерлі етті.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары мерекелік концерт пен викторинаға қатысып, Абай өлеңдеріне жазылған әндерді және оның шығармаларынан үзінділерді тап басып таныды. Қызметкерлер фотокөрме мен картиналар галереясын аралап, Брайль қарпіндегі кітаптармен танысты.
Бұл мерекелік күн полиция қызметкерлеріне халқымыздың мәдени мұрасын жақынырақ тануға және өңір тұрғындарымен жылы қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді.