Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да әйелдер колониясында ұлттық киімдердің көрсетілімі өтті

Әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқан сотталған әйелдер түрлі ұлттардың ұлттық киімдерінің көрсетілімін ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотталған әйелдер бұл іс-шараға шамамен екі ай дайындалған. Олар өз қолдарымен эксклюзивті киімдер тігіп, қазылар алқасына өз жұмыстарын ұсынды.

– Әрбір образ бірегей болды. Әйелдер сан түрлі ұлттың дәстүрлі киімдерін өз қиялдарымен тігуге тырысқан және өз еріктерімен ешкімнің көмегінсіз киіз үй жасаған. Іс-шара барысында Армения, Өзбекстан, Әзірбайжан және Қазақстанның халық билерінің алуан түрлілігі қазылар алқасын таң қалдырды, – деді мекеме бастығы Жақсылық Саматұлы.

«Наурыз – 2021» топтамасын сотталғандар өздерінің туыстарына, қыздарына, апа-сіңлілеріне және аналарына жібере алады.

– Біздің мекемеде әртүрлі ұлт өкілдері жазаларын өтеп жатыр. Бүгінгі көрсетілімге Татарстанның ұлттық киімін тіктім. Оны тігіп жатқанда, мереке алдындағы қарбаласқа бой алдырып, өз Отанымды, өз халқымның салт-дәстүрін еске алдым, – деді Татарстанда туған сотталған әйел.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру