Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да алаяқ 65 жастағы кәсіпкерді алдап кетті

ШҚО-да 65 жастағы кәсіпкерді алдап кеткен алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 8 маусымында сағат 10-42-де Бесқарағай АПБ-не 65 жастағы жеке кәсіпкер әйел жүгініп, оған таныс емес ер адамды қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрайды. Ол 2021 жылдың ақпан айында оны алдап, сеніміне кіріп, дүкеннен балаларға арналған пластикалық комодын ұрлап кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция тобының қызметкерлері 35 жастағы ер адамды жеткізді, ол өз кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі  (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру