Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да алименттен қашып жүрген ресейлік анықталды

ШҚО-да алименттен қашып жүрген ресейлік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы ПД Көші-Қон қызметі басқармасына 40 жастағы Ресей Федерациясының азаматын алимент төлемегені үшін іздестіру туралы Ресей Федерациясынан сұрау салу келіп түсті.

Ер адам кәмелетке толмаған баласын асырауға жалақының барлық түрінің ¼ бөлігін, яғни алимент бойынша бір жылға жуық қарызын төлемеген. Іздеудегі ресейлік шамамен 300 мың теңге көлемінде қарыз.

Іздестіру шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлерімен борышкердің Алтай ауданында тұратындығы анықталды. Алимент төлемеушінің тұрғылықты жері туралы мәліметтер іздестіру бастамашысына жіберілді.

Жыл басынан бері полицейлермен 90-нан астам алимент толемеушілер анықталды. Көші-қон қызметі атқарушылық құжаты орындалмағаны үшін заңда әкімшілік (ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы) және қылмыстық (ҚР ҚК-нің 139-бабы) жауапкершілік қарастырылғаның ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру