ШҚО-да аудан тұрғыны мас күйде көлік жүргізген
Глубокое ауданының тұрғынына масаң күйде көлік басқарғаны үшін жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылу қаупі төніп тұр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
24 шілдеде ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының полицейлері Глубокое ауданы Шоссейная көшесінің қиылысында 55 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы Ваз автокөлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шыққан. Сараптама қорытындысы оның “жеңіл дәрежеде” мас болғанын растады.Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады. Көлік айыппұл тұрағына қойылды.
Полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерін масаң күйде көлік жүргізбеуге және жол жүрісі қағидаларын сақтауға шақырады. Мас жүргізуші жол қозғалысының барлық қатысушыларына, жаяу жүргіншілерге, жолаушыларға және басқа жүргізушілерге үлкен қауіп төндіреді.