ШҚО-да балаларына 500 мың теңге қарызы бар борышкер ана анықталды
Шығыс Қазақстан облысында балаларына 500 мың теңге қарызы бар борышкер ана анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың қазан айында Алтай ауданы полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесіне Шығыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тұратын үш кәмелетке толмаған баланы күту үшін бір жылдан астам уақыт бойы алимент төлемеген. 500 мың теңгеден астам қарызы жиналған 43 жастағы әйелді іздестіру туралы жеке сот орындаушысының ұйғарымы келіп түсті.
– Іздестіру іс-шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері бес күн ішінде алиментті қасақана төлеуден жалтарған азаматшаның тұрғылықты мекенжайын анықтаған. Одан әрі ақшалай қаражатты өндіріп алумен сот орындаушылары айналысуда, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысының полицейлері 300-ден астам алимент төлемеген адамды анықтады.
Көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін заңда әкімшілік (ҚР ӘҚБК 669-бабы) және қылмыстық жауапкершілік (ҚР ҚК 139-бабы) көзделгенін ескертеді.