Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да банкке 4,5 млн теңге қарызы бар тұрғын жауапқа тартылмақ

ШҚО-да банкке 4,5 млн теңге қарызы бар тұрғын жауапқа тартылмақ, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен ПБ көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері облыс орталығының ұзақ уақыт бойы екінші деңгейлі банкке 4,5 млн теңгеден артық берешегі бар 52 жастағы тұрғынын анықтады. Қызметкерлер хабарламаға жедел ден қойып, борышкерді бір тәулік ішінде тапты.

Қазіргі уақытта азаматтың мәліметтері қарызын өндіріп алу бойынша шаралар қабылдау үшін уәкілетті органдарға берілді. Айта кетейік, жыл басынан бері облыс полицейлері 60-тан астам борышкерді анықтаған.

ШҚО ПД көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша әкімшілік жауапкершілік және ҚР ҚК-нің 139-бабы (Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру