Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да биыл абаттандыру ережелерін бұзған 3900-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

ШҚО-да биыл абаттандыру ережелерін бұзған 3900-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидаты бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіліп жатыр. Бұл профилактикалық бағыттың басты мақсаты – облыс тұрғындарын өңірдің көшелері мен аулаларындағы жалпы тәртіп үшін жауапкершілікті түсінуге шақыру. 

Учаскелік полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп қатты тұрмыстық қалдықтарды рұқсатсыз жинауға және шығаруға байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша рейдтер жүргізіп жатыр. 

Жыл басынан бері қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 3900-ден астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 3390 адам жалпы пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Абаттандыру қағидаларын бұзушылықтарды анықтау бойынша негізгі жүктеме учаскелік инспекторларға жүктелген.

– Полицейлер халыққа заңнама нормаларын түсіндіріп, жеткізеді. Біз шығысқазақстандықтардың қолдауының арқасында облыс бойынша абаттандыру жұмыстары қолға алынатынына сенімдіміз, – деп атап өтті ШҚО ПД ЖПҚБ бастығы Талғат Нұриев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру