Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да демалыс күндері 1300-ден астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

ШҚО-да демалыс күндері 1300-ден астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатыр.

Өткен демалыс күндері ғана қала мен облыстың 1300-ге жуық тұрғыны құқық бұзушылыққа ұшырап, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде:

– ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы 1-бөлігі (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша 330-дан астам жаяу жүргіншілер ереже бұзған;

– ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-бөлігі (Қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану қағидаларын сақтамау) бойынша 178-і қауіпсіздік белдігін тақпай көлік жүргізген;

– ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы (Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы) 108 жүргізуші көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдаланғаны үшін;

– ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу, Егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына, оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу) 6 адам қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін жазаланды.

– ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) автокөлікті масаң күйде басқарған 5 жүргізуші ұсталды.

15 қазан күні сағат 20:01-де Өскемен қаласы Беспалов көшесі ауданында облыс орталығының 32 жастағы тұрғыны орта дәрежедегі масаң күйде Mazda көлік құралын басқарған. Сондай-ақ көлік тізгінін басқара алмай, жол жиегіне шығып кеткен.

Жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру – он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

Полиция департаменті жол ережелерін қатаң сақтауға және бұзушылықтарды болдырмауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру