ШҚО-да демалыс күндері 220-дан астам жаяу жүргінші жол ережесін бұзған
ШҚО-да демалыс күндері 220-дан астам жаяу жүргінші жол ережесін бұзған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол жүрісі қағидаларын сақтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатыр. Өткен демалыс күндері ғана қала мен облыстың 1400-ге жуық тұрғыны құқық бұзушылық жасап, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 220-дан астам жаяу жүргіншілер жол ережесін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы 1-бөлігі); 152-і қауіпсіздік белдіктерін пайдану қағидаларын сақтамағаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-бөлігі); 122 жүргізуші көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдаланғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы); автокөлікті масаң күйде басқарған21 жүргізуші ұсталды (ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы) ; 5 адам жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына шыққаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі) жазаланды.
Мәселен, осы жылдың 24 қыркүйегінен 25 қыркүйекке қараған түні сағат 01:14 шамасында екі масаң жүргізуші Өскемен қаласы, Назарбаев даңғылында 31 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Chevrolet автокөлігі және 67 жастағы масаң жүргізуші Toyota автокөлігімен Өскемен – Шемонайха тасжолында тоқтатылған.
Екі жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды, оларға он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.