Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да дін істері басқармасы полиция департаментіне 150-ден астам кітап сыйға тартты

ШҚО-да дін істері басқармасы полиция департаментіне 150-ден астам кітап сыйға тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кітап сыйла» акциясы аясында ШҚО дін істері басқармасы облыстық олиция департаментіне белгілі ақындар мен жазушылардың 150-ден астам кітабын сыйға тартып, қазіргі қоғамдағы кітап оқудың маңыздылығын атап өтті.

Бұл бастама жастар арасында кітапқа деген оң көзқарасты қалыптастыруға, кітап оқуды насихаттауға және рухани құндылықтарды дамытып, кітаптардың қандай адамға болмасын тамаша сыйлық екенін естен шығармауына бағытталған.

Қазіргі уақытта кітап оқудың қадір-қасиетін балалар ғана емес, ересектер де жақсы түсінеді, ең алдымен олар үшін бұл сезімдер мен эмоциялардың жиынтығы деп кітаптардың тек өскелең ұрпақ үшін ғана емес, үлкендер үшін де құнды, – деді дін мәселелерін зерттеу орталығы бастығының орынбасары Мәрлен Амантайұлы.

Сыйға тартылған кітаптар жақын арада облыстық полиция департаментінің арнайы бөлімшелеріне беріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру