ШҚО-да екі шетелдік экстремистік бағыттағы әдебиеттерді таратқаны үшін жауапқа тартылды
ШҚО-да екі шетелдік экстремистік бағыттағы әдебиеттерді таратқаны үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тыйым салынған материалдарды полиция қызметкерлері облыс орталығы тұрғындарының әлеуметтік желілерінде анықтаған.
Екі адам өздерінің смартфондарында сот экстремистік деп таныған және Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, басып шығаруға және таратуға тыйым салынған діни мазмұндағы кітаптарды сақтап қана қоймай, оларды танымал әлеуметтік желілердің кеңістігінде бөліскен.
Атаған факті бойынша 28 және 27 жастағы шетелдіктерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Сот қаулысымен олар аталған құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды.